Халық санағынан 17 миллионнан астам қазақстандық өтті

0
462

Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр.


Халық санағынан 17 миллионнан астам қазақстандық өтті

ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың 91,6 пайзы немесе 17 428 058 адам Жалпыұлттық халық санағына қатысты. Азаматтардың 40,4 пайызы санақтан онлайн, 51,2 пайызы офлайн өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді, - деп жазады tengrinews.kz

"Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда санаққа қатысқандар қатары бұған дейін тіркелген халық санына шаққанда 107,5 пайызды құраған. Яғни қолда бар мәлімет бойынша Алматы тұрғындарының саны 2005496 деп көрсетілген. Ал санақ сауалдарына 2154907 адам жауап берген. Демек, Халық санағы қазірдің өзінде мегаполис халқының нақты санын көрсетуге көмектеседі деп сеніммен айта аламыз",- деді Нұрболат Айдапкелов.

Екінші орында - Түркістан облысы, онда халық санағына 98,6 пайыз немесе 2032333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы, мұндағы санақтан өткендер саны халықтың 98,6 пайызын немесе 1129863 адамды қамтиды.

Бір айта кетерлігі, санаққа онлайн қатысуда Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытты, мұнда санақтың 57,7 пайыз жаңа форматта өтті.

Дәстүрлі форматтағы санаққа қатысудың ең жоғары көрсеткіші Алматыда тіркелген, тұрғындардың 76,1 пайызы пәтерлерді аралау кезінде санақтан өткен.