Халықаралық хоккей федерациясы 2022 жылдың қаңтарындағы барлық турнирлерді тоқтатты

0
647

Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қатысуымен 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы өтетін әлем чемпионаты да бар.


Халықаралық хоккей федерациясы 2022 жылдың қаңтарындағы барлық турнирлерді тоқтатты

ERNUR.KZ. Халықаралық хоккей федерациясы қаңтардағы барлық турнирлерді, соның ішінде Қазақстанның әйелдер құрамасы қатысатын турнирлерді де тоқтатты, деп жазады inform.kz

Халықаралық хоккей федерациясының медициналық комитетінің ұсыныстарына сәйкес ұйым кеңесі 2022 жылдың қаңтарына жоспарланған федерацияның құзырындағы барлық турнирлерді тоқтату туралы шешім қабылдады..

Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қатысуымен 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы өтетін әлем чемпионаты да бар. 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы турнирлерден басқа, екінші дивизиондағы В тобындағы, сондай-ақ үшінші дивизиондағы жастар арасындағы чемпионаттар да тоқтатылды. Барлық аталған турнирлерді лиганың міндеттемелеріне байланысты ауыстыру мүмкін емес екені хабарланды.