​Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 400 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

0
1 247

Аталған қаржыны жыл басынан бері "Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ бөлді.


​Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 400 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

ERNUR.KZ."Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жыл басынан бері Қормен келісімшарт жасасқан Қазақстандағы медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы аталған ұйымның басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп жазады BNews.kz.

"9 шілдеге дейін Қормен келісімшарт жасасқан медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 56 пайызы", - деді Ботагөз Жақселекова.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) және мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен КТМК пакеті аясында халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 704,5 млрд теңге.

"Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті", - деді Ботагөз Жақселекова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салытырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен жасасқан келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 93,5 млрд теңгені құрады.