Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4%-ға жоғарылады.
ERNUR.KZ. 2018 жылғы мамырда Қазақстандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 468 теңгені құрады,-деп хабарлайды ҚР ҰЭМ.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,3%, жемістер мен көкөністерді - 10,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.
теңге
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда | 0-13 жастағы балалар | 14-17 жастағы жасөспірімдер | 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық | Зейнет-керлер мен қарт адамдар | |||
жас жігіттер | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы | 26 468 | 21 435 | 33 362 | 25 565 | 31 440 | 24 968 | 24 753 |
Азық-түлік тауарлары | 14 558 | 11 789 | 18 349 | 14 060 | 17 293 | 13 732 | 13 614 |
Азық-түлік емес тауарлар | 11 910 | 9 646 | 15 013 | 11 505 | 14 147 | 11 236 | 11 139 |