​ Храпунов заңсыз өткізіп жіберген 3 миллиард теңгенің ғимараты мемлекетке қайтарылды

0
615

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар кешенді бұрынғы әкім Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.


​ Храпунов заңсыз өткізіп жіберген 3 миллиард теңгенің ғимараты мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасы 3 миллиард теңгелік жедел медициналық көмек кешенін мемлекет меншілігіне қайтарып алды, деп жазады stan.kz.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жыл 27 қарашадағы шешімімен мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арыз қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар кешенді бұрынғы әкім Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

25 сәуірден бастап мүлік жедел медициналық жәрдем қызметіне берілді. Енді қосымша қосалқы станция ашу жоспарланып жатыр.