Хромтауда газ баллоны жарылып, 9 адам зардап шекті

0
597

Бүгін сағат 11.36-да Ақтөбе облысы ТЖД кезекші диспетчерлік қызметіне өрт туралы хабарлама түскен.


Хромтауда газ баллоны жарылып, 9 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында үйден өрт шығып, газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті.

Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті (6,7 жастағы және жаңа туған сәби, балалар күйік алмаған). Олар қазір Хромтау қаласы орталық ауруханасына дәрігерлерінің қарауында.