Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам киіктің тушасы табылды
ERNUR.KZ. Ақмола және Қарағанды облыстарында жүзден астам киікті қырып салған браконьерлер ұсталды, деп жазады Zakon.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, 17 наурыз күні Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам киіктің тушасы табылған.
"Аталған дерек бойынша сот алды тергеу басталып, құрамына тәжірибелі қызмектерлер, табиғатты қорғау полициясының жұмысшылары мен кинологтар кірген арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Киіктерді жаппай атты деген күдікпен полиция қызметкерлері бір топ адамды ұстады, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Охотзоопром" РМҚК қызметкері де бар. Сот шешімімен күдіктілерге қатысты "қамауға алу" шарасы қолданылды," - деп хабарлап отыр ІІМ.
Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде қылымыс құралы мен киіктердің мүйіздері тәркіленді.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.