КҚК мұнай төгілгені үшін 5,3 миллиард рубль төлеуге міндеттелді

0
513

КҚК Новороссийск маңындағы мұнай төгілуіне байланысты келтірілген шығынды өз еркімен өтеуден бас тартып отыр.


КҚК мұнай төгілгені үшін 5,3 миллиард рубль төлеуге міндеттелді

ERNUR.KZ. Каспий Құбыр Консорциумы мұнай төгілгені үшін 5 миллиард 285 миллион рубль төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Роспироднадзор басшысы Светлана Родионова мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Краснодар өлкесінің арбитраждық соты Росприроднадзордың барлық талаптарын толық қанағаттандырды. Каспий құбыр консорциумы табиғатқа келтірілген зиян үшін 5,285 миллиард рубль (32 миллиард теңгеден астам. - Ескерту) төлейді", - деп жазды Радионова Telegram-да.

Оның айтуынша, КҚК Новороссийск маңындағы мұнай төгілуіне байланысты келтірілген шығынды өз еркімен өтеуден бас тартып отыр. Сондықтан Росприроднадзор бұл ақшаны сот арқылы өндіруге мәжбүр болған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, компания сот шешімімен келіспейді.
"Біз сот алдында өз ұстанымымызды қорғауды, залалды бағалау кезінде төгілген заттардың көлемін, тиісінше, өтемақы талап етілетін соманы асыра бағалауға мүмкіндік беретін әдістердің дұрыстығы мен жетілмегендігін дәлелдейміз", - деді КҚК баспасөз қызметі басылымға сілтеме.