​Әкімдік ғимаратына көлік кіріп кетті

0
1 238

Бұл жерде саяси, діни жағдайларға бұрмалап, болжам жасаудың қажеті жоқ.


​Әкімдік ғимаратына көлік кіріп кетті

2018 жылғы 12 мамырда Ақтөбе әкімдігінің ғимаратына көлік кіріп кеткен еді. Оқиғаға қатысты фото əлеуметтік желілерге таралып кеткен болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көлік облыс әкімдігінің негізгі есігіне кірген. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі де растады. Бүгінде әкімдік ғимаратына жедел жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша облыс әкімдігінің ғимаратына көлігімен кіріп кеткен Ақтөбе қаласының тұрғыны Бауыржан Анапин екен. Бүгін Бауыржан Анапиннің ағасы Бақытжан Анапин оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Бұл адами фактор. Інім Бауыржанның отбасылық жағдайы қиындап кетті. Әйелінен ажырасып кеткен соң ішімдікке әуес бола бастады. Бұл жерде саяси, діни жағдайларға бұрмалап, болжам жасаудың қажеті жоқ. Ол кезінде салық басқармасында жұмыс істеген. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналысады. Балалары бар. Біреуі Чехияда оқып жатыр. Ажырасу ер адамға қиынға соғады емес пе?!.»,- деді Бақытжан Анапин.

Анапиндердің бірі Ақтөбе қаласында, екіншісі Шалқар қаласында тұратын болған соң отбасылық жиындарда ғана кездеседі.

«Өзім Ақтөбе қаласына бармадым. Бірақ тергеу жүріп жатқанын білемін. Көлік өзінікі. Суретке түсіріп, «сүйінші» сұрағандай әлеуметтік желіге салып жіберген адамның ойын түсінбедім. Інім айыппұл төлеп, жазасын алады. Ал әкімдік ішінде тұрып суретке түсіріп, оны жариялаған адам ұятты ойламаған екен. Халық арасына іріткі салып, түрлі ой туғызғаны қателік болды»,- деді Бақытжан Анапин.

ІІД ғимаратқа кіріп кеткен көлік иесі 53 жастағы қала тұрғыны мас болғандығын анықтады.