Қоғамдық орында шылым шеккен қыз үшін анасы жауапқа тартылды

0
3 262

Сондай-ақ ол айналасындағыларды сыйламайтынын білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.


Қоғамдық орында шылым шеккен қыз үшін анасы жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Атырауда қоғамдық орында шылым шеккен қыз үшін анасы жауапқа тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы бойынша А.А-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

«Іс бойынша А.А-ның кәмелетке толмаған 2003 жылы туған қызы Б.Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, қалдығын жерге тастаған. Сондай-ақ ол айналасындағыларды сыйламайтынын білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында А.А. өзінің кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған қызымен сөйлесетінін айтты. Алдағы уақытта ондай бұзақылық қайталанбайтыны туралы түсінік берді. Кешірім сұрап, өкініш білдірді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, кәмелетке толмаған Б.Б. өзінің кінәсін мойындап, темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастағанын растады. Алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтайтынын айтты. Сондай-ақ, азаматша А.А. ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге әкімшілік айыппұл салынды.