Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза болғандардың балалары университетте тегін оқиды – Аймағамбетов

0
467

Сондай-ақ Аймағамбетов жоғары білімге қолжетімділікті арттыру бойынша халық тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру саласында үлкен алшақтығы бар өңірлерде нысаналы грант бөлінетінін айтты.


Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза болғандардың балалары университетте тегін оқиды – Аймағамбетов

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады baq.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім грантын беру ұсынылады. Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Білім және ғылым министрлігі Президенттің берген тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асырады, - деді министр.

Сондай-ақ Аймағамбетов жоғары білімге қолжетімділікті арттыру бойынша халық тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру саласында үлкен алшақтығы бар өңірлерде нысаналы грант бөлінетінін айтты.

Гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді. Олар оқу бітірген соң негізгі тұратын жер бойынша жұмыс өтеу көзделеді. Президенттің техникалық мамандыққа басымдық беру тапсырмасы негізінде бұл саладағы грант саны 60 пайызға көбейеді, - деді ол.