Көкшетауда қыздарды алып қашып, құлдыққа салған екі адам сотталды

0
1 424

Істің басты фигурантымен жас қыз сыбайлас болған.


Көкшетауда қыздарды алып қашып, құлдыққа салған екі адам сотталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке салу үшін алып қашқан екі жас адам сотталды, деп жазады Sputnik.

Тергеу мәліметінше, Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны 20 жастағы таныс қызбен сыбайласып, қыздарды алып қашып, клиенттерге жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бас тартқан жәбірленушілерді бопсалап, зорлық-зомбылық көрсетіпті.

Полиция қос қылмыскерді ұстап, оларға қатысты бірнеше іс қозғады. Сот жабық түрде өткен.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты бопсалап, зорлық-зомбылық жасап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, адамдарды ұрлағаны үшін ер адамды айыпты деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ал сыбайласы 3 жыл жазасын колонияда өтейді.