Көкшетауда мектепте жасалған қылмыс ашылды

0
1 447

​Мектеп бухгалтері 5,6 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс қозғады.


Көкшетауда мектепте жасалған қылмыс ашылды

ERNUR.KZ. Көкшетаудағы мектептердің бірінде бас бухгалтер болып қызмет атқарған әйел өзіне бес миллион теңгені жалақы ретінде аударған, деп жазады sputniknews.kz.

№4 орта мектептің бухгалтері 5,6 миллион теңгені (11 500 доллар) өзіне жалақы ретінде заңсыз аударған. Бұл факті білім мекемесіне аудит жүргізу кезінде анықталды.

"Сарапшылар 5 миллион 605 мың теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру фактісін анықтады. Бұл сома мемлекет бюджетіне қайтарылуға тиіс", - деп жазылған ақпаратта.

Анықталғандай, бас бухгалтер жалақыны есептеу кезінде жұмыс өтілі жоғары қызметкерге арналған жоғары коэффициентті қолданған.

Жүргізілген аудит материалдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жолданды. Аталған ведомство күдіктіге қылмыстық іс қозғады. Қазір 499 мың теңге (1100 доллар) бюджетке қайтарылды.