​Көкшетауда жөндеуге тастап кеткен көлік айыппұл тұрағынан бірақ шықты

0
1 188

Көлікті айдап әкетіп, біраз «қыдырмақ болған» осы ТҚС жұмысшысы болып шықты.


​Көкшетауда жөндеуге тастап кеткен көлік айыппұл тұрағынан бірақ шықты

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласы тұрғынының техникалық қызмет көрсету стансасына жөндеуге қалдырған көлігі айыппұл алаңынан табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 15-де Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, «ВАЗ 21114» маркалы көлігінің ұрланғанын айтқан. Зардап шегушінің сөзінше, ол автокөлігін қаладағы ТҚС (Техникалық қызмет көрсету стансасына) жөндеуге қалдырған. Алайда, көлік айыппұл алаңынан бір-ақ шыққан. Бұл туралы көлік иесіне ТҚС иесі хабарлаған.

Кейіннен көлікті айдап әкетіп, біраз «қыдырмақ болған» осы ТҚС жұмысшысы болып шықты. Ер адамның масаң күйде көлікке отырғанын байқап қалған жол-патруль полиция қызметкерлері дереу оны ұстап, көлікті айыппұл алаңына қойған.

«Күдіктінің Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол бұған дейін де өзгенің көлігін иемденгені үшін істі болған. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.