Көкшетауда жүк пойызы 37 жылқыны қағып кетті

0
764

Жылқылардың егесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Көкшетауда жүк пойызы 37 жылқыны қағып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 наурыз күні сағат 04.55-те Көкшетау стансысындағы Желілік полиция бөліміне «Қарағай-Уголки» аралығында жүк пойызының машинисі 37 жылқыны қағып кетуіне байланысты шұғыл тежеуге мәжбүр болғаны хабарланған. Оқиға орнына Көкшетау стансысындағы желілік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты», - делінген ақпаратта.

Көлік полицейлері жүргізген шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі - Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны анықталды.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (темiржол бойында мал жаю) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.