Көктөбеде яхта өртенді

0
670

Жеке үйдің ауласында тұрған яхта өртенген.


Көктөбеде яхта өртенді

ERNUR.KZ. Алматы тауларында яхта өртенді, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 24 шілдеде сағат 12:49-да болған.
"Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне Бригадная көшесінде жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жіберілді. Жеке үйдің ауласында тұрған яхта өртенген", - дейді ведомство.
Өрт 20 минутта өшірілген. Көктөбе тауының маңындағы ағаштар мен бұталарды жалын шарпыған жоқ.