Қоқыс қалдықтарынан қалай ақша табуға болады

0
1 964

Алматыда қоқыс қалдықтарын қабылдайтын эко-дүкен жұмыс істейді.


Қоқыс қалдықтарынан қалай ақша табуға болады

ERNUR.KZ. Алматыда керексіз қалдықтарды арнайы дүкенге өткізіп ақша табуға болады. Тіпті тапсырған қоқыстың әр келісі есептеледі. Қағаз қалдықтарынан бастап, пластикалық шынылар, полиэтилен пакеттеріне дейін өткізе аласыз. Мамандар технология дамыған сайын оның «жасыл» ортаға тигізер залалы көбейгенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv

Алматыда осындай ерекше жердің барын естіген мен де бүгін өз заттырымды өткізуге келдім. Бүгінгі әкелген заттарымның ішінде қағаздар, өткен жылғы күнтізбелер және блокноттар бар. Мұнда қағаз қалдықтары үшін келісіне 20 теңгеден береді. Қазір әкелген қоқысымның салмағын өлшеп көреміз. 10 келі 200 теңге. Міне осылайша, қоқыстан да ақша жасауға болатын көрдік.

Алматыда мұндай қоқыс қабылдайтын 30-дан астам орын бар. Бір ғана эко-дүкен күніне 600 келіге дейін қоқыс қабылдайтын көрінеді. Жиналған қалдықтар өңдеуге жіберіледі. Оларды қайтадан нарыққа шығару жолында әрбір заттар жеке-жеке сұрыпталады. Эколог мамандар өңдеуден өткен тауар биологиялық тұрғыда пайдалы екенін айтады.


«Біз картон, макулатура, пластикалық бутылка, стеклянный бутылкаларды қабылдаймыз. Бізде макулатураға кг 20 теңгеден, ал пластикалық бутылка кг 15 теңгеден береміз. Бастапқы жылдары бізде үлкен кісілер әкелетін қоқыстарды, кейінгі жылдары жастар да әкеліп жүр», – деді эко-дүкен қызметкері Айдын Әкебаев.


Экологияның ластануы – жаһандық мәселе. Әлемде қоқысты утилизациялаудың жаңа әдісі әлі табылған жоқ. Ал, пайдасыз далада қалған қоқыс адам денсаулығына өте зиян дейді. Қазіргі таңдағы жалғыз әдіс – қажетсіз қалдықтарды сұрыптап, осы сынды орындарға өткізу болып тұр. Жаһандағы экология мәселесі Гюзель Рахметованы да алаңдатады. Ол зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жай қағаздың жер бетінен ыдырауы үшін 5-10 жыл, ал пластикалық бөтелкелер 400 жылға дейін жойылмайтынын зерттеген.


«Мен осы саланы зерттеу барысында пластмассаның зияны көп екенін білдім. Қоқыс шығаратын орындардың көпшілігі пластмассаны өртеп жатады. Өртенген кезде ауаға зиянды ауыр металл шығарады. Одан бөлек, жанып жатқан кездегі түтінді жұтқан адамның ағзасында ауру пайда болуы мүмкін», – деді эко-белсенді Гюзель Рахметова.


Қазір әлемдік мамандар қоқысты қалдықсыз өңдеп, одан барынша мол пайда табу жолын іздестіріп жатыр. Технология ойдағыдай жүзеге асса, мемлекеттік шығын да едәуір азаятын көрінеді. Ал, әрбір азамат қоршаған орта үшін тазалық сақтаса дейді экологтар.