Көлгінов балалары қайда оқитынын айтты

0
469

​Алтай Көлгіновтің балалары қыруар ақшаға жеке мектепте оқитыны туралы шулы сюжеттен кейін елорда әкімі сұхбат берді.


Көлгінов балалары қайда оқитынын айтты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сұхбат барысында балалары жылына бірнеше миллион теңгеге жеке мектепте оқиды деген сынға жауап берді, деп жазады sputnik.kz.

Ол ақпаратты жалған деп атады. Қала басшысының сұхбатының үзіндісі chinovnik_kz Telegram-арнасында жарияланды.
Асхат Ниязов "балаларыңыз бір оқушыға жылына 7 миллион теңге төлейтін жеке мектепке баратыны рас па?" деген сұрағына Алтай Көлгінов "Бұл шындыққа жанаспайды" деп жауап берді.
"Иә, мен бұл сюжетті көрдім. Алайда, тексерілмеген ақпаратты БАҚ-та таратуға болмайды. Менің балаларым 7 миллион теңге төлейтін мектепте оқымайды. Олар қалалық мектеп-лицейге барады. Үлкені грантта оқиды, екінші балам ақылы түрде білім алады. Қалғаны балабақшаға барады. Мен балаларымның оқуы үшін жеті миллион төлемеймін. Менде ондай жалақы жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Сондай-ақ, ол өзінің жалақысының мөлшері туралы сұраққа жауап берді. Бүгінгі таңда ол 1 миллион 900 мың теңге алады. Ол 800 миллиард теңге бюджет қаражатына жауап беретін әкімі ретінде оған жоғары жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.
"Жауапкершілік артып жатыр. Менің ойымша, мұнда бәрі пропорционалды болуы керек. Мемлекеттік қызметші үшін ең бастысы ақша емес, жауапкершілік. Егер ақша болса, мен бизнесте жұмыс істейтін едім", - деп жауап берді Алтай Көлгінов.