Көлік апатынан қаза болған балалардың саны бірден 38% өсті

0
855

Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, қалғаны жаяу жүргіншілер.


Көлік апатынан қаза болған балалардың саны бірден 38% өсті

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасында қаза болған балалардың саны 38%-ға өсті. Мұндай деректі Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова келтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балалардың қауіпсіздігі әрдайым ішкі істер органдарының бақылауында болады, дегенмен оқу жылының басталуымен оған ерекше назар аударылады. Жыл сайын жұртшылықпен жүргізілетін түсіндірме жұмыстарына қарамастан, біз балаларға қауіп төндіретін ескі проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Бұл - жол-көлік оқиғалары. Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны - 9%, зардап шеккен балалардың саны 15% төмендеген. Бірақ жол-көлік оқиғасында қаза болған балалардың саны 38% өсті», - деп мәлімдеді Ақтоты Боранова.

Спикер келтірген дерекке сай, зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, қалғаны жаяу жүргіншілер.