Көлік қаққан оқушының ата-анасы іздестірілуде

0
1 331

Бүгін таңертең Талдықорғанда мектеп оқушысын көлік қағып кетті.


Көлік қаққан оқушының ата-анасы іздестірілуде

фото:ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Талдықорғанда бүгін таңертең мектеп оқушысын көлік қағып кетті. Қазір әлеуметтік желі арқылы баланың киімдері жарияланып, ата-анасы іздестірілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең Жалайыр даңғылында зардап шеккен баланың ата-анасын іздестіріп жатырмыз. Бала тірі, қазір жансақтау бөлімінде жатыр», делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ жазбада телефон нөмірі көрсетілген. Ал агенттік тілшісі бұл нөмірге хабарласты.

Тұтқаны әйел адам көтерді. «Мен бұл баланың туысы емеспін. Қазір ата-анасын іздестіріп жатырмыз. Өйткені болған жағдай туралы, баланың жақындары әрі хабарсыз», деді ол.

Ал ІІД баспасөз қызметінің өкілдері әзірге бұл жайт туралы пікір білдірмеді, бірақ оқиғанын мән-жайын анықтағаннан кейін хабар беретіндерін жеткізді.