​ Көлік салығы бойынша ең ірі 10 борышкер

0
176

Ең үлкен 10 борышкердің алтауы Lexus LX 470 немесе 570 көлігімен жүреді.


​ Көлік салығы бойынша ең ірі 10 борышкер

ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Елорданың Мемлекеттік кірістер департаменті ең ірі 10 борышкерді анықтады, деп жазады ulysmedia.kz.

Елордалық салық салушылар полицейлермен бірге борышкерлерді анықтауды жалғастырып жатыр. Құқық бұзушылардың көліктері берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына жіберіледі.

Биылғы 30 қазанындағы жағдай бойынша мүлік салығы бойынша жалпы берешек 2,616 миллиард теңге, оның 2,140 миллиарды көлік салығына тиесілі.

Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, топ-10 борышкер қатарында:

Lexus LX 470 (4,7 литр) - 9 426 180 теңге;
Lexus LX 470 (4,7 литр) - 9 322 823 теңге;
Nissan Patrol (5,5 литр) - 8 554 233 теңге;
Lexus LX 570 (5,7 литр) - 8 065 142 теңге;
Audi as (4,1 литр) - 7 130 313 теңге;
Daimler Chrysler (4,9 литр) - 6 823 257 теңге;
Lexus LX 470 (4,6 литр) - 6 240 517 теңге;
Mercedes - Benz GSS AMG (5,5 литр) - 6 221 203 теңге;
Lexus LX 470 (4,4 литр) - 6 141 392 теңге;
Lexus LX 470 (5,9 литр) - 5 919 398 теңге.

Байқағандарыңыздай, ең үлкен 10 борышкердің алтауы Lexus LX 470 немесе 570 көлігімен жүреді. Олардың жалпы қарызы 45 миллион теңгеден астам.

Естеріңізге сала кетейік, салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Қаржымині МКК ресми интернет-ресурсында, egov.kz электрондық үкімет порталында, esalyq azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында тексеруге болады.