Көлікте ұйықтап қалған: Маңғыстауда екі ер адам көмірқышқыл газынан уланып қалған

0
696

Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам ағайындылар екен.


Көлікте ұйықтап қалған: Маңғыстауда екі ер адам көмірқышқыл газынан уланып қалған

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында екі ер адам оталып тұрған көлікте ұйықтап кетіп, салдарынан біреуі қаза болды. Екінші адам облыстық ауруханаға жеткізілген, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық полиция мәліметінше, оқиға 28 қаңтарда болған. Шамамен сағат 14:10-да Маңғыстау облысы Бекі ауылында жеке көлігінде бір ер адам көмірқышқыл газына уланғаны туралы қоңырау түскен.
Toyota Prado көлігінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 38 жастағы ақтаулық тұрғынының өлі денесі, сондай-ақ ес-түссіз жатқан тағы бір ер адам табылды.
"Көлікте 38 және 40 жастағы екі ер адам болғаны, олар оталып тұрған көлікте ұйықтап қалғаны, салдарынан біреуі қаза болып, екіншісі аудандық ауруханаға жеткізілгені анықталды. Бұл факт Маңғыстау облысының полиция бөлімшесінде тіркелді. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді полиция өкілдері.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 1984 жылы туған ер адамның жағдайын айтты.
"Науқас есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам ағайындылар екен. Олар демалыс күні аңға шыққаны туралы айтылды.