Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин сотталды

0
1 227

​ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.


Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин сотталды

фото: inform.kz

ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 16 ақпанында Астана қаласы Алматы аудандық №2 аудандық соты ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге «Ассар KZ» ЖШС мүддесіне орай Н.Калпаковтан 1 млн теңге және кәсіпкер Е.Құлсариевтен 400 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша үкім шығарылды», - делінген таратылған ақпаратта. Іс материалдарына сәйкес 2016 жылдың 15 желтоқсанында Б.Мусин мен «Ассар KZ» ЖШС директоры арасында жалпы сомасы 4 млн 900 мың теңгені құрайтын тауарларды мемлекеттік сату алу туралы келісімшарт жасалған. Б.Мусин іс жүзінде жеткізілмеген тауарларды қабылдау актісіне қол қою үшін Н.Колпаковтан 1 млн теңге сомасында пара алған. Сонымен қатар ол «Құлшариев Е.» жеке кәсіпкерлігінің мүддесін лоббилеу үшін Е.Құлшариевтен 400 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталған. «Сот үкімімен Б.Мусинге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы түбегейлі белгіленді. Ол қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтейтін болады», - делінген сот үкімінде. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын коммерциялық ұйымдарда қызметпен айналысуына және лауазымды қызметте болуына өмір бойы тыйым салынды.