Қоныс аударушыларға берілетін бір реттік жәрдемақыны қайтармасаңыз да болады

0
1 575

ERNUR.KZ.​ Сенатор Мұрат Бақтиярұлы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға бірелетін жәрдемақы мөлшері мардымсыз екенін айтты. Әрбір қоныс аударушының алатын 79 мың теңге қаржысы күнкөріске жетпейді дейді депутат. Бұл туралы сенатор Палата отырысыда мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қоныс аударушыларға берілетін бір реттік жәрдемақыны қайтармасаңыз да болады

ERNUR.KZ. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға бірелетін жәрдемақы мөлшері мардымсыз екенін айтты. Әрбір қоныс аударушының алатын 79 мың теңге қаржысы күнкөріске жетпейді дейді депутат. Бұл туралы сенатор Палата отырысыда мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мұрат Бақтиярұлы ішкі миграцияның жаңа механизмін ойлап табу жөнінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Министрлігіне ұсыныс айтты.

«35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ақшаны ешбір жан не баспана салуға не отбасының күнделікті тіршілігіне жеткізе алмайды. Осыны ескере отырып халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Министрі Мәдина Әбілқасымоваға ұсынысымды жеткіземін»,- деді депутат.

Ал, Министр Мәдина Әбілқасымова: «Бұл жәрдемақыдан басқа да көмек түрлері ұсынылады. Яғни қоныс аударушыға тұрғылықты жері бойынша тұрақты баспанамен қамтылуы үшін бір реттік қаржы төленеді. Бұл үшін 2018 жылдан бастап көшіп барған адамды жұмысқа алушы мекемеге 1 млн 60 мың теңге аударылады. Біздің елде бір өңірден екінші өңірге қоныс аударушылар жылдан жылға артып, олар 3 800 отбасыны құрады. Бұл алдыңғы, 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Ал биылғы жыл соңына дейін өтініш білдірген 9 000 адам яғни 4 500 отбасыны көшіруді қолға алып отырмыз»,- деді.

Қоныс аударушылар арасында өз өңіріне қайтып келуге ниеттілер болды ма деген тілшілер сауалына жауап берген министр Әбілқасымованың сөзінше, 2017 жылы 19 адам тек ауа-райы жақпаған себепті оралғандарын және олардың ешбірі өздеріне берілген бір реттік қаржыны үкіметке қайтармаған. Бұл мемлекеттің қайтарымсыз шығындары екенін ескерте кетті министр ханым.