Құрылғының ерекшелігі – онда SOS батырмасы бар қосымша орнатылған.
ERNUR.KZ. Көкшетауда полицейлер көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға дабылды батырмасы бар смартфон тарата бастады, деп жазады 24.kz.
Әзірге мұндай телефон 20 шақты отбасыға берілмек. Құрылғының ерекшелігі – онда SOS батырмасы бар қосымша орнатылған. Смартфон иесі, бұл әсіресе, жалғызбасты көпбалалы аналар өздеріне қандай да бір қауіп төнгенін сезсе, батырманы басу арқылы күзетшілерді шақыра алады. Себебі, бұл бастама, полиция департаменті мен жеке күзет компанияларының арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. Ұялы телефон өрт қаупі сезілгенде де белгі береді екен.
"Келешекте осы көп балалы отбасыларын көбірек қамтуға бағытталып отырмыз. Осындай іс-шараларды алдағы уақытта көбірек атқарып, яғни, көп балалы аналарға төтенше жағдай болған кезде тез арада көмек көрсету шаралары қолданылуда. Осы ұялы телефондарда орнатылған батырма ақылы түрде. Бірақ осы ақыны ұялы телефондарға күзет ұйымдары ақысыз түрде өздері орнатып берді" - дейді облыстық пд күзет қызметі бақылау бөлімінің аға инспекторы Сандуғаш Әленова.