"Көп нәрсе айтылмай қалды": Нұрәлі Әлиев інісіне арналған видео жариялады

0
948

​15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды.


ERNUR.KZ. Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев дүниеден өткен бауыры Айсұлтан Назарбаевқа арнап видео жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Қымбатты бауырым, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Нұрәли Әлиев.




Instagram желісіне салынған видеоның сілтемесін Нұрәлі Әлиев Facebook парақшасында жариялады. Видеода Айсұлтан Назарбаев суреттері мен отбасылық фотолар жинақталған. Канадалық әнші The Weeknd-тің "Final Lullaby" ("Соңғы бесік жыры") әні ойнайды.

Әлиев видео астына бәрі Алладан келіп, қайта оралатынын жазды.

Айта кетейік, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша 30 жастағы Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған.