Ресей рублі 7,35- 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп жазады Stan.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 465, 38 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 465, 95 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466.
Ресей рублі 7,35- 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 25 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,72 теңге болды.