Қордай ауданында әскери қызметшілер бес адамды құтқарып қалды

0
816

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері бес тұрғынды отқа оранған үйден шығарды, оның үшеуі бала. Өрттің себептері анықталып жатыр.


Қордай ауданында әскери қызметшілер бес адамды құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Әскери қызметшілер Қордай ауданының Сортөбе ауылында өртеніп жатқан үйден бес адамды құтқарып қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Капитан Ержан Арыстанбеков пен патрульде жүрген қатардағы әскерилер Ерқанат Базарбай мен Нұрбек Дүйсенбин сенбі сағат 7.30 кезінде үйлердің бірінің шатыры жанып жатқанын көріп қалады.

"Әскерилер өртеніп жатқан үйден бес тұрғынды шығарып алды, оның үшеуі бала. Жедел штаб оқиға орнына екі көлік жіберді, олар үш минутта жетті", - деді хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Өрт шыққан аудан қоршауға алынды. Өрт сөндіру көліктері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ.

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері 7 ақпанда тәртіпсіздіктер болған Қордай ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Айта кетсек, қақтығыс салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам зардап шекті. Оның 34-і ауруханаға жатқызылған. 39 үй, 20 коммерциялық нысан және 47 көлік өртеніп кетті.