Корея азаматы Астанада қыздарды жезөкшелікке тартқан

0
903

ІМ өкілінің мәліметінше, шетелдік қылмыстық топтың жетекшісі болған.


Корея азаматы Астанада қыздарды жезөкшелікке тартқан
Қазақстанның екі азаматы мен Оңтүстік Кореяның бір азаматы қыздарды шетелге шығарып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.

"Астанада қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекетінің нәтижесінде Оңтүстік Кореяның бір азаматы мен Қазақстанның екі азаматы ұсталды, олар қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға тартқан", - деді Сәдубаев.

ІІМ өкілінің мәліметінше, шетелдік бұл қылмыстық топтың жетекшісі болған.