Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.
Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады", - деп жазды Берік Уәли фейсбукте.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға өтініш беруге дайын екендігі туралы айтқан болатын.