Корнавируспен күреске тартылған полиця қызметкерлері мен әскерилер де сыйақы алады

0
770

Бұл мақсатқа 8 млрд теңге бөлініп отыр.


Корнавируспен күреске тартылған полиця қызметкерлері мен әскерилер де сыйақы алады

ERNUR.KZ. Коронавируспен күреске жұмылдырылған Ұлттық ұлан жауынгерлері мен полиция қызмекерлеріне бір айлық еңбекақы көлемінде сыйақы төленеді. Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осындай мәлімет айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«19,5 млн теңге коронавирусқа шалдыққан және індет жұқтырды деген күдікпен жатқызылған адамдарды емдегені үшін медициналық мекемелерге бөлінді. 14,1 млрд теңге карантиндік типтегі 3 медициналық модуль салуға жұмсалады. 30,8 млрд теңге азаматтардың жекелеген санатына азық-түлік үлестіру үшін берілді. 8 млрд теңге медициналық жұмысшылар мен ішікі істер органдарының өкілдеріне, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне 1 айлық лауазымдық еңбекақы көлемінде сыйақы төлеу үшін бөлінді», – деді вице-мнистр онлайн брифинг барысында.