Коронавирус: Атырау облысы «қызыл» аймақтан шықты

0
2 235

«Сары» аймақта Атырау облысымен қатар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.


Коронавирус: Атырау облысы «қызыл» аймақтан шықты

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 7 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 6 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақта болған еді.

Бүгінгі мәлімет бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. «Сары» аймақта Атырау облысымен қатар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.