Коронавирус: өткен тәулікте тағы алты адам қайтыс болды

0
548

Індет жұқтырған 375 бала емделіп жатыр.


Коронавирус: өткен тәулікте тағы алты адам қайтыс болды

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан алты қазақстандық көз жұмды. Пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте республикада 610 адамнан коронавирус диагнозы расталып, 6 адам қайтыс болды.

46 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдықты, қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирус инфекциясынан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 190 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 20 пациент хәл үстінде жатыр. 27 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жалпы республикада 13 наурыздан бері 116 772 адам коронавирус жұқтырды, соның 1 899-ы қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері 39 104 адам пневмониямен ауырды, 409 науқас көз жұмды.