Коронавирус пен пневмония: бір тәулікте 10 адам қайтыс болды

0
881

Тамыз айынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен ауырғындар саны 43124 құраса, 456 адам осы аурудан қайтыс болған.


Коронавирус пен пневмония: бір тәулікте 10 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясынан сегіз адам, коронавирус пневмониясынан екі адам қайтыс болды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 14 210 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 001 бала бар.

Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 246 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал өткен тәулікте 670 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 18 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталған уақыттан бері 137 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 096 адам қайтыс болды.

Тамыз айынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен ауырғындар саны 43124 құраса, 456 адам осы аурудан қайтыс болған.