Коронавирус пен пневмония біріктіріліп жаңа статистика жарияланды

0
739

​Қазақстанда өткен тәулікте 66 адам қайтыс болды, оның 36-сы коронавирустан, 30-ы пневмониядан көз жұмды.


Коронавирус пен пневмония біріктіріліп жаңа статистика жарияланды

Қазақстанда бірінші тамыздан бастап коронавирус бойынша жаңартылған статистика жүргізіле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультациядан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайларымен қатар коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Осылайша, «2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны - 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді», - деп мәлімдейді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Кеше коронавирусқа қатысты жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланады деп хабарлаған болатынбыз.