Коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

0
2 367

1 тамыздан бастап тіркеуге алынған ковидтік пневмониядан 571 науқас көз жұмды.


Коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирустан 2 565 адам, ал пневмониядан 571 науқас көз жұмған.


Коронавирус бойынша мәлімет

Өткен тәулікте қазақстанда 1 228 адам коронавирус жұқтырды.

3 ақпандағы жағдай бойынша 27 900 адам COVID-19-дан ем қабылдап жатыр. 5 788 науқас стационарда, 22 112 адам амбулаторлық жағдайда емделуде.


Пневмония бойынша мәлімет

Соңғы тәулікте елде 107 адам пневмония жұқтырғаны хабарланды. Қайтыс болғандар саны - 571.