21 науқас өте ауыр халде жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан адам өлімі тіркелмеген, деп жазады inbusiness.kz.
21 наурыздағы мәлімет бойынша 6 753 адам коронавирустан емеліп жатыр.
"Олардың ішінде 611 пациент стационарда, 6 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 55 адамның жағдайы ауыр, 21 пациенттің жағдайы өте ауыр, 10 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ өткен тәулікте COVID-19 вирусы мен пневмониядан адам өлімі тіркелмеген.