Коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам қайтыс болды

0
544

1 тамыздан бері 439 өлім жағдайы тіркелді.


Коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, пневмониядан 73 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30362 жетті.