Коронавирус және пневмония: тағы 135 өлім тіркелді

0
526

Індет жұқтырған 1840 адамның жағдайы ауыр.


Коронавирус және пневмония: тағы 135 өлім тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 116, ковидтік пневмониядан 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясы

18 тамыздағы мәлімет бойынша, елде 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (–115 214 + және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 840 адамның жағдайы ауыр;
  • 561 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Коронавирус пневмониясы

COVID-19 белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркелді. Ал 221 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66 381 адам ауырып, 4111-і қайтыс болды.