Коронавирус жұқтырған науқастарды төрт санат бойынша қарауда

0
728

Соңғы кезде ауыр жағдайда келіп түсетін науқастардың қатары азайған.


Коронавирус жұқтырған науқастарды төрт санат бойынша қарауда

ERNUR.KZ. Қазір науқастарды төрт санат бойынша қарауда. Бірінші эшелон бойынша ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.

Дәрігердің айтуынша, Алматы қаласында дәрігерлердің мобильді тобы құрылып, олар жұмысқа кірісіп кеткен. Жедел жәрдем науқастарды ауруханаға жеткізбес бұрын алдымен компьютерлік томографияға жеткізеді, содан кейін науқастың сырқат жағдайы анықталады.

Қазір науқастарды төрт санат бойынша қарауда. Бірінші эшелон бойынша ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға жатқызылады. Екінші эшелон бойынша да орта жағдайдағы науқастар ауруханаға жеткізіледі. Жағдайы орташадан жақсылары үйде ем алады, - дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол соңғы кезде ауыр жағдайда келіп түсетін науқастардың қатары азайғанын жеткізді.

Соңғы кезде әкімдік тарапынан көптеген қолдау жұмысы атқарылды. Оның ішінде дәрі-дәрмекпен, газбен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды, осының бәрі әсер етті, - дейді Утағанова.

Сондай-ақ, ол коронавиурс инфекциясының белгілері білінген кезде дәрігердің тағайындауынсыз дәрілерді ішу дұрыс емес деген ойын білдірді.

Алғаш ауру белгісі білінсе, дәрігердің тағайындауынсыз тек жылы су ішуге болады. Мұндай ауру кезінде міндетті түрде медицина қызметкеріне жүгініп, кеңес алу қажет. Коронавирус анықталған кезде бірден антибиотиктерді ішу дұрыс емес. Оны тек қосымша аурулары қосылған кезде ғана тағайындайды, - деді ол.