Коронавируспен күреске биыл бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінеді

0
579

Қаражаттың 70 миллиард теңгесі - шараға жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін.


Коронавируспен күреске биыл бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржы министрінің айтуынша, коронавируспен күреске бөлінетін қаражаттың 70 миллиард теңгесі - карантин шараларын жүргізуге жұмылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін; 80 миллиард теңгесі - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін.

Ерұлан Жамаубаев бюджеттен бөлінетін қаржы көлемінің 15,3 триллионға жеткенін айтты. Бюджет шығыны 279 миллиард теңге қосымша түсім мен Ұлттық қордан 850 миллиард теңге сомасында нысаналы трансферт тарту есебінен ұлғайған.

Үкімет отырысында 2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасына дауыс берілді.