Коронавирустан кейін шаштың не себепті түсетіні анықталды

0
703

Оның екі себебі бар.


Коронавирустан кейін шаштың не себепті түсетіні анықталды

ERNUR.KZ. Коронавирустан жазылып шыққан көптеген адам шаштың түсуіне шағымданады. Сарапшылар бұл құбылыстың себебін түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Трихолог Юлий Дудийдің сөзінше, оның екі себебі бар. Алғашқысы - шаш фолликулдарына вирустық жүктеме түседі. Бұл ретте ауру ағымы жеңіл өтіп жатса да, шаш түсе бастайды. Екінші себеп - аурудан емделу кезінде дәрілік препараттарды, антибиотиктерді көптеп қолдану.

Сарапшының сөзінше, 90% жағдайда түскен шаш қалпына келеді. Бірақ ол үшін біраз күш салу керек.

Мумие немесе қалақай тәрізді халықтық емдеу әдістері тиімсіз. Кей жағдайда табиғи компонеттеріне аллергия туындап, себореялық дерматитке ұласуы мүмкін. Сол себепті халық емінің орнына заманауи дәрілік препараттарды қолданған жөн.