Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

0
706

​Тұмау кезінде демікпе болмайды. Коронавирус дертін жұқтырған науқастардың буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді.


Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

ERNUR.KZ. Отандық дәрігерлер коронавирусты жай тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.

Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиеваның айтуынша, тұмау кезінде демікпе болмайды. Дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал, коронавирус дертін жұқтырған науқастардың буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді.

Мұндай симпотомдар байқалған жағдайды дәрігер көмегіне жүгіну керек.


"Ең бастысы дене қызуына назар аудару қажет. Егер температураңыз 3 күн қатарынан 38 градустан түспесе, онда бұл вирустың бастапқы белгілері деген сөз. Яғни, дәрігерге қаралуыңыз керек", - деп түсіндірді Зағрипа Әбдиева.