Дәурен Абаев елдегі төтенше жағдайдың ұзартылу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді.
ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты, деп жазады baq.kz.
"Хабар 24" телеарнасында сөйлеген сөзінде Дәурен Абаев елдегі төтенше жағдайдың ұзартылу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді.
Дәл қазір біз бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Дәрігерлердің нұсқауын неғұрлым нақты және дәл орындасақ, мұның бәрі тезірек аяқталады, - деді министр.
Ол бір ай ішінде вирус жұқтырғандардың саны азаяды деп болжады.
Біз жаңа жағдайларды тіркеудің әлі де шарықтау шегі болады деп күтеміз. Содан кейін жаңа инфекциялар саны азаяды. Бір айдың ішінде жағдай реттеледі, - деді ол.