Көші-қон бастығы 15 өзбек азаматын тіркеу үшін 75 мың пара алды

0
1 019

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Көші-қон бастығы 15 өзбек азаматын тіркеу үшін 75 мың пара алды

ERNUR.KZ. Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі.

Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.