Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін

0
610

Қостанай облысы бойынша әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр. Осыған байланысты ол отставкаға кетуі мүмкін, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысы бойынша әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Олар дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертумен және сәулет-жоспарлау тапсырмасын берумен айқындалған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен теріс себептер бойынша тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Андрей Финк атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босатылды.

"Оның кінәсі сотта дәлелденсе, күнтізбелік 10 күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.