Қостанай облысында 2 жасар бала тереңдігі 8 метр құдыққа құлап кеткен (видео)

0
714

Бала 3.5 метр тереңдікте кептеліп қалған.


Қостанай облысында 2 жасар бала тереңдігі 8 метр құдыққа құлап кеткен (видео)

ERNUR.KZ. Қостанайда 2 жасар бала құдыққа құлап кетті. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 10 тамызда сағат 17:25-те Қостанай облысы Садчиковка ауылында болған. Жеке секторлардың бірінде тереңдігі 8 метр құдықтың ұңғымасына 2 жасар бала құлап кеткен.

"Бала 3.5 метр тереңдікте кептеліп қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алдымен бала дем алып жатқанына көз жеткізген. Олар жедел түрде шұңқырға оттегін жіберіп, баланы шығарып алу мақсатында ұңғыманың жанынан тағы шұңқыр қазған. Құтқарушылар шұңқырдан қолы ғана көрініп тұрған баланы арқанның көмегімен шығарып алды", - делінген ТЖМ хабарламасында.


Құтқару операциясына 9 құтқарушы мен 2 техника жұмылдырылды. Көмекке жергілікті ауыл тұрғындары да келген. Баланы құтқару жұмыстары сағат 19:20-да аяқталды. ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" немесе "101" нөміріне қоңырау шалу керек.