Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші құлаққап киген.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Қостанай облысында «К-700» тракторы жаяу жүргіншіні басып өлтірді, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға Сарыкөл ауданының Сарыкөл ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші құлаққап киген.
«К-700» тракторы 24 жастағы қызды басып кеткен. 54 жастағы трактор жүргізушісі жол үстінде келе жатқан қызды көрмей қалған. Жәбірленуші ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген полицияның ақпаратында.
Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Оқиғаның видеосы Аlau.kz сайтына шықты.