Хабарландыру беруші бұрынғы әуежайды ірі қара мал ұстау үшін пайдалануға болатынын да жазып қойыпты.
ERNUR.KZ. Желіде 20 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған Арқалық қаласындағы әуежайды шұғыл сату туралы хабарландыру пайда болды, деп жазады sputniknews.kz.
Бес гектар аумақта орналасқан бірнеше ғимарат құны 30 миллион теңгеге бағаланып отыр. Хабарландыру беруші бұрынғы әуежайды ірі қара мал ұстау үшін пайдалануға болатынын жазып қойған.
Айуынша, белгіленген бағадан арзандатуы да мүмкін, яғни, саудаласуға болады. Сатып алушылармен риэлторлар сөйлеседі.
Әуежай 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыссыз тұр. Сол уақытта қаламен әуе қатынасы тоқтатылған. Кейінгі жылдары нысан жекеменшікке ауысты, ал жергілікті биліктің әуежайды қалпына келтіретін ойы жоқ.