Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті

0
392

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.


Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Үй өзеніне екі жасөспірім суға батып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.